Жаңа емхана ашылады

0 108

Елорданың Есіл ауданында биыл жеке инвестиция есебінен жаңғыртылған емхана ашылады.

Бұл емхана Есіл ауданында орналасқан. Бұған дейін ауданда тек бір – №9 емхана болатын. Басқа медициналық ұйымдардың болмауына байланысты аталмыш емханаға жүктеме шамадан тыс артылып келген.
Енді жаңа емхана әдеттегі функ­ционал­дық міндеттеріне қоса, пандемия кезеңінің барлық талаптарына сәйкес жұмыс істейтін болады. Мұнда аймақтар «лас» және «таза» деп бөлінген; ішке айдау желдеткіш жүйесі, телемедицинаға арналған конференц-зал және басқа да жабдықтар орнатылған.
Сонымен қатар ауданда жеке инвестиция тарту есебінен тағы бір жекеменшік балабақша да салынды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке капиталды басқа да бірқатар маңызды нысандардың құрылысына тартамыз. Бұл – әлеуметтік, инфрақұрылымдық, өндірістік, ­логистикалық және басқа жобалар. Әрбір инвесторға әкімшілік кедергілерді алып тастай отырып, ерекше көңіл бөлеміз» деп жазды осы нысандарды аралап көрген қала әкімі Алтай ­Көлгінов өзінің Instagram парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 − 13 =