ЖАҢА БАСТАМАЛАРДЫҢ ЖӘРДЕМI

0 88

Бизнестiң жаңа бастамаларын қолдау, кәсiпкерлiк секторды сауықтыру және экспортқа бағдарланған өндiрiстердi демеуде «Бизнестiң жол картасы-2020» бағдарламасының орны бөлек. Үдемелi индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асырудың бiр тетiгi саналатын бағдарлама бұл күнде үлкен қолдауға ие.
Ел экономикасының басым ба­ғы­тының бiрi – шағын және орта бизнестi дамыту. Отандық өндiрiстi өркендетуге бағытталған бағдар­лама бұл күнде кәсiпкерлердiң жұмысына жаңа серпiн берiп қана қоймай, ел игiлiгiн арттыруда. «Биз­нестiң жол картасы-2020», «Экспортер-2020», «Инвестор-2020», «Өнiмдiлiк-2020» сынды бағ­дарламаның қай-қайсысы болма­сын, өз кезегiмен жүзеге асуда. Бұл  бойынша елордалық бiрнеше кә­сiпорын өз жұмыстарын жаң­ғыртты. Оларға инновациялық құрал-жабдық сатып алуға мүм­кiндiк беретiн жоба аясында екiншi деңгейлi банктер төмендетiлген мөлшерлемемен қаржылық же­ңiлдiктер ұсынылды.
Ал жұмысын жаңадан ашқан кәсiпкерлерге қашанда өз iсiн басқару туралы кеңес ауадай қажет. Мұны да ескерген мемлекет тәжiрибесi аз кәсiпкерлерге кеңес беру, оқыту сияқты тағылым­дамаларды тегiн ұйымдастыруды қолға алған. Бұл бойынша аста­налық кәсiпкерлердiң де шетел­дiктермен тәжiрибе алмасып қай­туға мүмкiндiктерi бар.
Бүгiнде Астана қаласында 87 мыңнан астам шағын кәсiпкерлiк субъектiсi тiркелген. Жалпы бағ­дар­лама шеңберiнде заңнамалық және экономикалық тұрғыдан кә­сiпкерлерге ақыл-кеңес беру үшiн ел бюджетiнен 50 млн теңге кө­лемiнде қаражат қарастыру көз­делген.
Қазiргi уақытта елордада бiрiншi және екiншi  бағыт бойынша iскер­лiк байланысты кеңейтуге аса мән берiлуде.  Ол үшiн түрлi тренинг, форум, семинар ұйымдастырылып, бизнес өкiлдерi  менеджмент курсынан өтуде.
Айта кетерлiгi, елiмiзде бағдар­ла­маның бiрiншi және екiншi бағыттары бойынша жалпы сомасы 279, 071 миллиард теңгенi құрайтын 1 108 жобаға қолдау көрсетiлген. «Кәсiпкерлiк секторды сауық­тыру» атты екiншi бағыты бойынша  184 өтiнiш мақұлданған. Алдағы үш жыл­дың iшiнде бағ­дарламаның жүз­еге асырылуы ар­қасында 22 мың­нан ас­там жұмыс орны ашыл­мақ.
Экономиканың шикiзаттық емес секторларында өңiрлiк кәсiп­керлiктiң орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету, сондай-ақ, қазiргi тұрақты жұмыс орындарын сақ­тап қалу және жаңаларын құруда бизнестiң бұл бастамасы бә­сеңдемек емес.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 3 =