
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының III республикалық форумы туралы «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясының Астана қалалық филиалының төрағасы Ерлан Каналимов пікір білдірді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
-Депутаттық корпус – ел жаңғыруының тірегі. Форум жұмысына елдегі алты саяси партияның өкілдері, сондай-ақ бірмандаттық округтерден сайланған депутаттар қатысты. Ауқымды жиынға Қазақстан азаматтарының мүддесін білдіретін екі мыңға жуық депутат жиналды. Форум өңірлерді дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылап, тәжірибе алмасатын алаң ғана емес, жаңа бастамалар мен тың идеялар тоғысқан маңызды диалог кеңістігіне айналды. Мемлекет басшысы өз сөзінде жаңартылған Конституция елді жаңғыртудың берік құқықтық негізін қалыптастырып, мемлекеттік институттарды нығайтуға және азаматтардың ел басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтетінін айтты, — деді Е. Каналимов.
Сонымен қатар ол Президенттің: «Біздің жаңа Конституциямыз технологиялық прогреске, жасанды интеллектіні дамытуға және жан-жақты цифрландыруға жол ашады. Бұл бастамалар Отанымыздың Әділетті әрі Өркендеген мемлекетке айналуына қызмет етеді», — деген сөзін де алға тартып, алдағы референдумның еліміздің болашақтағы дамуы үшін маңызын атап өтті.



