ЖАҢА БАҒА ОҢТАЙЛЫ

0 88

«Астана LRT» компаниясы елордадағы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының тариф құны өзгергені жайлы хабарлайды. 1 қазаннан бастап әуежай маңындағы P-1, P-3, P-5, P-6 және P-7 көлік тұрақтары жаңа ереже бойынша жұмыс істейтін болады.

Компанияның баспа­сөз қызметі сараптама жұмыстарынан кейін әуежайда белгіленген тарифті тү­бегейлі өзгерту туралы шешім қабылданғанын мәлімдейді. «Әуе­жайдың бас­шылығымен келісе отырып, ортақ иеліктегі P-1 тұра­ғында тарифтерді төмендеттік. 1 қазаннан бас­тап P-1 тұрағында тек қысқа мерзімге ғана емес, ұзақ мер­зімге де аялдауға болады» делінген хабарламада.
Жаңа тарифтік кестеге сәйкес, P-1 тұ­ра­ғында аялдау – ал­ғашқы 30 минутқа тегін. Тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында тұрақтың кі­реберісінде көліктің мемлекеттік нөмірін анықтайтын бейнебақылау орнатылған. Ол көліктің қашан және неше рет кіріп шыққанын тіркеп отырады. Мәселен, жүргізуші тұрақта 25 минут тұ­рып, 10 минуттан кейін тағы айналып келсе, көлік иесі ақы төлеуге міндеттеледі. Себебі көлік тұрақта жалпылай алғанда 30 минутқа қана тегін тұра алады. P-1 тұрақ аймағына қанша рет келгені жайлы ақпарат бір
тәу­ліктен кейін жаңартылады.
Сонымен, паркингте 30 минут пен 1 сағат аралығында аялдау үшін – 300 теңге, 1 са­ғат­тан 2 сағатқа дейін – 400 теңге. Егер P-1 тұрағында 1 сағат және 5 минут тұрсаңыз да, 400 теңге төлейсіз. Ал
2 сағаттан 3 сағатқа дейін тұрсаңыз – 600 теңге. Тұрақта 2 сағат 5 минут тұрсаңыз, 600 теңге жұмсайсыз. 3 са­ғаттан 24 сағатқа дейін – 2500 теңге, яғни 4 сағаттан бастап, тұ­рақ­тың тәулік құнын төлеу керексіз. Ал әрбір тәулікке – 2500 теңге.
Әуежайда және әуежай маңында жұмыс істейтін кәсіпорын қыз­меткерлері үшін
P-3 тұрағы бар. Қызметтік тұрақ жөндеу жұмыстарынан кейін, пайдалануға беріледі. Ал P-5, P-6 және P-7 кө­лік тұрақтары астаналықтар мен қала қонақтарына тегін болмақ.

Гүлдана Талғатқызы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − two =