Жаңа аурухана салынады

0 25

Елорда іргесінде жаңа аурухананың құрылысы басталды. 200-300 орынға арналған стационар жаңа жағдайды ескере отырып салынады. Ең бас­тысы, инфекциялық қауіпсіздік талаптарына сай, оқшауланған, автономды түрде жұмыс істей алатын, боксталған палаталары бар, желдету жүйесі жетілдірілген, реанимациялық палаталарда қысым болмауы тиістігі қарастырылды.Маңызды нысанды салуды BI Group құрылыс компаниясы міндетіне алды. Госпиталь құрылысын қысқа мерзімде (15-20 күн ішінде) аяқтау жоспарлануда. Жедел технологиялар, дайын блоктық-модульдік шешімдер, заманауи инфекциялық қауіпсіздік жүйелері пайдаланылады, медициналық және зертханалық жабдықтар орнатылады. Жаңа жоба елімізге бұл шаралар коронавирус пандемиясын ғана емес, сондай-ақ болашақта өзге де індеттерге қарсы тұрып, оны дер кезінде жоюға мүмкіндік береді. Әлемнің мұндай жаһандық және агрессивті жағдайға дайын болмағанын мойындау қажет. Денсаулық сақтау жүйесі, негізі, созылмалы инфекциялық емес аурулармен (диабет, гипертония, онкология және т. б.) арпалысып келді. Енді қоғамдық денсаулық сақтау жүйесін қайта құру қажет және осындай тосын жағдайға дайын болу керектігі өзекті болғанда, бұл ғимарат барлық сұранысқа жауап береді.
Ең бастысы, BI Group холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың ашық дереккөздеріне жазған пікіріне сүйенсек, компанияның бұл құрылыс жобасынан бір тиын пайда көрмейтінін айтты. Аз уақыт ішінде құрылыстың барлық шығындарын, мердігерлік компаниялардан сатып алынатын құрылыс материалдары мен көлік үшін төленетін, басқа да қызмет ақысын көпшілікке жариялайды. Және бұл жағдайда компания құрылысшылары ақысыз, құрылыс салынып біткенше күндіз-түні еңбек ететінін айтты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + twelve =