Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1164

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1165

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1166

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/vhosts/elorda.info/astana-akshamy.kz/wp-content/themes/publisher/includes/libs/bs-theme-core/theme-helpers/template-content.php on line 1177
«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жаңа ауданда шие бағы болады

0 194

Байқоңыр ауданы әкімдігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бастамасымен «Астана – таза және қауіпсіз қала» экологиялық айлығы аясында «Болашақ бағы» атты шара өтті.

Астана қалалық әкімдігінің өкілдері мен Байқоңыр ауданының әкімі Ерлан Қаналимов бастаған мекеме қызметкерлері, қалалық мәслихаттың депутаттары, қоғам қайраткерлері қатысқан шара барысында Пушкин көшесінің бойындағы гүл бағында 300 шие көшеті отырғызылды. Аудан әкімінің айтуынша, жалпы­қалалық экологиялық айлығының соңына дейін мұнда егілетін шие көшетінің саны мыңға жететін көрінеді.
– Байқоңыр ауданы енді ғана құрылып жатқандықтан, Халық­аралық бағдарламалар орталығы бізге шие аллеясын сыйлауды ұйғарды. Олардың бұл ұсынысын қолдап, Ақбұлақтың бойында 300 шие көшетін егіп жатырмыз. Алдағы уақытта Тәшенов, Ақжол, Пушкин көше­лерінде де ағаш көшеттерін отырғызатын боламыз, – дейді аудан басшысы.
Сонымен қатар аталмыш ауданда 12 мамырға дейін жалғасатын экологиялық айлық аясында басқа да ауқымды жұмыстар қолға алынбақ. Тұрғын үйлердің аулаларына да абаттандыру жұмыстары жүргізіледі деп жос­парлануда.

Нұрдәулет КӘКІШТЕГІ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды