Жаңа амфитеатр ашылады

0 18

Елордада жаңа амфитеатр пайда болады. Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласы Урбанис­тика орталығының басшысы Елнар Базыкен Instagram парақшасында мәлім етті.
Қала тұрғындарының өтініші бойынша Президенттік саябақта ашылатын жаңа амфитеатрда ашық аспан астында би қойылымдарын, спектакльдерді, концерттерді және түрлі қалалық іс-шараларды өткізуге арналған алаң болады. Амфитеатрда кәсіби өнер ұжымдарымен қатар әуесқой өнерпаздар да өз шараларын өткізуге мүмкіндік алатын болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eighteen + four =