ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН

0 386

Астанада «Жаңа әлемдегі жа­­ңа­ Қа­зақ­с­тан»­ та­қы­рыбындағы бірінші Назар­баев­ оқулары халық­­ара­лық­ форумы өтті.
51 мемлекеттің мүйізі қара­ғай­дай ғалымдары мен саясат сардарлары «жақсының жақ­сы­лы­ғын­ айт,­ нұ­ры ­тас­ысын» деген ниетпен Ас­­та­на­ға ат арылтып, әдейі кел­ді.

Тұңғыш Президент күніне орай ұйым­дас­ты­рылған жиын ғасыр реформаторы атанған Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлін ашып көр­се­­туге зор мүмкіндік берді.

Назарбаев Орталығының дирек­то­ры Қанат Сау­дабаев жиынның кіріспе сөзінде Қазақ­станның даму жолы мен Назарбаевтың жасампаз қызметі әлемнің көптеген елдері үшін зерттеу нысаны болып табылатынын айтты. Форумға қатысуға 1500-ден аса адамның өтініш біл­дір­уі соның дәлелі болса керек.

Бүгінде әлемге танымал экс-пре­зи­дент­тер, сарапшылар мен эконо­мис­тер, халықаралық ұйымдар мен­ ірі компаниялардың басшылары Қазақстан мен оның басшы­сы­ туралы ерекше құрметпен, таң­да­ныс­пен сөз етеді.

АҚШ Президенті Барак Оба­ма­ның Назарбаевты «әлем басшы­ла­ры­­на үлгі боларлық тұлға» деп­ ата­ға­ны­ бар.­ Пан Ги Мун, Вла­ди­мир­ Пу­тин,­ Ху­ Цзинь­тао, Мар­га­рет­ Тэт­чер, Тони Блэр, дүниежүзінің өз­ге де белгілі саясаткерлері осындай пікірде. Өйткені, Нұрсұлтан Назар­баев саяси ықпалы тек жеке­ле­ген мемлекет шеңберінде ғана емес, өркениеттің дамуына да әсер еткен Джордж Вашингтон, Ма­хат­ма Ганди, Нельсон Мандела, Мұс­тафа Кемал Ататүрік, Махатхир Мо­хамад сынды көшбасшылар ті­зі­­мін жалғастырып келеді.

«Адамзаттың дамуы мен жа­ңа­ мем­­ле­­кет­тер­ құ­ру­дың­ ше­­шу­­­­ші­ ке­зең­­де­рін­де­ ерек­ше пас­­сио­нар­­лық­­ же­тек­ші­лер­ пай­да­ бо­лып,­ та­­­рих­­­қа­ еніп­ жа­та­ды.­ Олар­ жа­ңа­ ел­­­дер­ тә­уелсіздігінің символы­ ғана емес, ру­ха­ни­, зият­­кер­ көш­­бас­­тау­­шы­­ ре­тін­де­ де­ та­ны­ла­­ды.­ Осындай пас­­сио­­нар­лық­ тұл­­ға­­­лар­­дың­­ қа­­та­­ры­­­­на,­ сөз­сіз, Қазақстан халқының әлем­ та­­ны­­ға­н­­ көш­­бас­­шы­­сы­­ Нұр­сұл­тан­ Әбішұлы Назар­баев­ жатады» деді жиында баянда­ма­ жа­са­ған­ бі­лім және ғылым министрі Бақыт­жан Жұмағұлов.

Еліміздің Мемлекеттік хатшысы Мұх­тар Құл-Мұхаммедтің те­ңе­­уі де­ те­гін­нен­-те­гін­ ай­тыл­ған­ жоқ.­ «Аме­ри­ка­лық­тар­да­ ежел­ден­ қа­лып­тас­қан,­ фра­зео­ло­гия­лық­ ай­на­лым­да­ жүр­ген «не­гі­зін­ қа­лау­шы-әке­лер» атты түсінік бар. Мұндай керемет атауға АҚШ мемлекеттік қай­рат­­кер­ле­рі­ Джор­дж­ Ва­­шинг­тон,­ То­мас­­ Джеф­фер­сон, Джеймс­ Мэ­ди­сон,­ Алек­сандр­ Га­миль­тон­­дар­­ жат­­қы­­зы­­ла­­ты­­нын­ бә­рі­ңіз­ бі­ле­сіз­дер.­ Бәл­кім­, бұл­­ мін­бер­ден­ мен не­ні мең­зе­гім­ ке­­ліп­ отыр­ға­ным­ды­ көп­ші­лік­ тү­сін­ген­ бо­ла­р.­ Иә, шынымен де, Нұрсұлтан Назарбаев барлық қазақстандықтар үшін тә­уел­сіз Қазақстанның «негізін қа­лау­шы­-әке­сі» болып табылады. Бұл­ еш­ ар­тық­ айт­қан­дық­ емес»­ де­ді ол.

Румынияның экс-президенті Эмиль­ Конс­тантинеску де Елбасымыз туралы керемет пікір­лерімен бөлісті.

«Осыдан 14 жыл бұрынғы уақи­ға есіме түсіп отыр, – деп бас­­та­ды әң­гі­ме­сін,­ – Ол­ кез­де­ мен­ бас­қа­ра­тын­ Ру­мы­ния­ өте­ күр­де­лі­ эко­­но­­ми­­ка­­лық­­ ке­­зең­ді­ бас­тан кешіріп жатқан. 1998 жылы қыр­кү­йек­те Қазақстан Президен­ті­мен­ кез­де­су­дің­ сә­ті­ түс­ті.­ Кез­де­су­ден­ бір­ күн­ бұ­рын­ Нұр­сұл­тан­ На­зар­баев­тың­ 1996­ жы­лы­ жаз­ған­ «XXI ға­сыр­ та­бал­ды­ры­ғын­да»­ ат­ты­ кі­та­бын­ оқып­ шық­тым.­ Оқып­ оты­рып,­ түн­нің­ бір­ уа­ғы­ бол­ға­нын­ бай­қа­май­ да­ қа­лып­пын.­ Әдет­те,­ сая­сат­кер­лер­ аты­нан­ кі­тап­ жа­зу­ға­ ма­ман­дан­ған­ көп­­те­ген­ кәсіби жазушылардың жазу стилімен жақсы таныс болатын­мын. Ал, бұл кітаптың стилі мүлде бө­лек еді. Мен өзіме қажетті жа­ңа­ ке­ңес­тер, жаңа бастамалар тапқан­дай болдым.

Ал, ресми кездесуден кейін Нұр­сұл­тан Назарбаевты кітапханаға көк шәй ішуге шақырып, екеуміз Жібек Жолын жаңғырту жайында ұзақ әңгімелескен едік» деп есіне алды.

Халықаралық саясаттың сөздік қо­­рын­­да­­ғы­ «Қазақстандық жол», «На­зар­­баев­ феномені» ұғымдары әлем алпауыттарының осындай рия­­сыз мойындауларынан кейін пай­да болса керек.

Назар­баев­ оқу­ла­ры­ның­ мәр­те­бе­лі­ қа­ты­су­шы­ла­ры­ның­ бі­рі­ БҰҰ­ Бас­ хат­шы­сы­ның­ орын­ба­са­ры­ Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікі­рін­ше, «Назарбаев феномені» Еу­­ропа мен Азияның, екі құрлық­тың, екі өркениеттің, екі саяси­ жүйе – тоталитаризм мен демо­к­ра­­тияның түйіскен тұсында туды.

Осы екі түрлілікті синтездеп, де­мо­к­­­ра­тия­лық­ құн­ды­лық­тар­ды­ құр­мет­те­ген­ еу­ро­па­лық­ жә­не­ сан­ ға­сыр­лар­дан­ ке­ле­ жат­қан­ азия­лық­ дәс­түр­ді­ са­бақ­тас­ты­ра оты­ра­ жүр­гіз­ді.­ Сол­ се­беп­­тен­ де­ ха­лық­ара­лық­ қа­уым­дас­тық­ Қа­зақ­стан­­ көш­бас­шы­сы­ның­ іш­кі­ жә­не­ сырт­қы сая­сат­та­ғы­ са­раб­дал жолын жоғары бағалап, оның есімін стратегиялық ойлау қабілеті жоғары тарихи тұлғалармен қатар қояды.

«Адамзат тарихына қарасақ, нағыз көшбасшы ең бір ауыр кезеңде, халық басына үлкен қиын­шылықтар мен ауыр сынақтар кел­генде тарих сахнасына шығады да, сол батпандай, зілмауырдай ауырт­­палықты мойнымен көтеріп шы­ғады. Басқаша айтсақ, тарихтың өзі осындай тұлғаны тудырады, ал­ олар тарихты жасайды. Біздің Ел­ба­сы осындай қасиеттердің ие­сі және Қазақстан табысының тари­хын­ көз алдымызда жасаған адам» деді ол.

Нұрсұлтан Назарбаев саясат сахнасында ең бейбітсүйгіш көшбасшы ретінде де танымал. Саяси көзқарас, саяси мүдде тұрғысынан пікір қайшылығына бой алдырып көрген жері жоқ. Оның бейбітсүйгіштігінің бір ғана дәлелі – Қазақстан ғаламдық ядролық қаруға қарсы қозғалыстың алдыңғы қатарында келе жатыр.

Жиында Қазақстан Респуб­ли­ка­сының ЮНЕСКО-дағы өкі­лі Олжас Сүлейменов КСРО-ның экс-президенті Михаил Горба­чев­тің кезінде «Назарбаев өзге прези­дент­тер­ге­ ха­лық­ара­лық­ қауіп­сіз­дік­ке­ бай­ла­ныс­ты­ күр­де­лі­ мә­се­ле­ні ­ше­шу­дің­ үл­гі­сін­ көр­сет­ті»­ деген сө­зін еске түсірді.

«Расында да, бүгінгі таңда На­зар­­баев­тың­ по­ли­гон­ды­ жа­­бу­ жө­нін­де­гі­ ше­ші­мі­ сая­си­ да­на­лық­ пен­ кө­ре­ген­діктің нақты мысалы бола алады. Біздің рес­публика жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау және ядросыз әлем құру саясатының үлгісі болып табылады» деді ол.

Назарбаев оқуларына қатысу­шы­лардың бірі М.В.Ломоносов атын­дағы ММУ-дің ректоры Виктор Садовничий Қазақстанның білім саласындағы серпінді істеріне тәнті екенін жеткізді.

Қазақстандағы жоғары оқу орын­дарының жанынан бірнеше ғы­лыми-зерттеу орталықтарының құрылуы ғылым мен білімнің бі­рі­­­гуіне, нә­тижесінде, жастарды ғы­­лымның ең жаңа же­тіс­­тік­теріне жұмылдыруға мүмкіндік беретінін айтады.

«Назарбаевтың бастамасы бо­йын­­ша құрылған Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ мен Ресей Феде­ра­ция­сы Президенті Владимир Пу­тиннің белсенді қолдауымен ашыл­ған­ М.В.Ломоносов атындағы ММУ­ филиалы белсенді жұмыс іс­теп келеді. Назарбаевтың мені «ММУ-дың бағбаны» деп атайтыны бар. Ал, біздің бақ – өркендеу мен білім арттырудың керемет бағы болары сөзсіз» деді Виктор Садов­ничий.

Аты әлемге әйгілі, аузы дуалы сая­сат саңлақтары осылай деп ой қорытты.

1500-дей адам қатысқан форумға негізгі тақырыптар бойынша 14 пленарлық, 62 панельдік және 409 стендтік баяндама іріктеліп алыныпты.Оған қоса, «Ұлт көш­бас­шысы Н.Назарбаевтың ғылы­ми еңбектері мен стратегия­лық жобалары» атты көрме ұйым­дас­тырылды.

Шынар ДОСАН

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =