«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жан жылытқан игі іс

0 170

Оқушылар сарайында қайырымдылық концерті өтіп, Алматы ауданында тұратын аз қамтылған отбасыларға жылы киімдер табыс етілді.

 Бұл игі шара Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаевтың бастамасымен жүргізіліп жатқан «20 Izgi Qadam» акция­сы шеңберінде өтті. Акцияға «Niyet Charitable Foundation» қайырымдылық қоры атсалыс­ты. Бұл қайырымдылық қоры – ком­мер­циялық емес ұйым, ол өмірдің қиын жағ­дайына тап болған балаларды әлеу­мет­тік қорғауға бағытталған әлеуметтік және қайы­рымдылық жобаларды жүзеге асырады.
Осы шарада аз қамтылған 50 отбасына жылы киімдер берілді. Жылдың соңына дейін мейірімді жандар аудан аумағында тұратын тағы 300 отбасыға көмек қолын созады. Қор астаналық аз қамтылған және көп балалы отбасының балаларына, қамқорлықтағы жетімдерге, мүгедек балаларға LC WAIKIKI компаниясы табыс еткен 10 мың жаңа киімді беруді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды