©2020 Астана Ақшамы
«ЖАН ЖЫЛУЫ – ІЗГІЛІКТІҢ ЖАРШЫСЫ
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесі қарсаңында Астана медицина университетінде «Жан жылуы» атты жыл сайынғы қайырымдылық акциясы өтті.
Жетім, мүгедек, тұрмысы төмен балалардың тағдырына қоғам назарын аудару, оларға қол ұшын созып, қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған шараға «Nasledie» қоғамдық бірлестігінің қамқорлығындағы мүмкіндігі шектеулі балалар және әлеуметтік жағдай төмен, көп балалы отбасынан шыққан балалар арнайы шақырылды.
Астана медицина университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік қызмет жөніндегі проректоры Г.З.Хайрли қайырымдылық акциясының ашылу салтанатында: «Жастық шақ – әрбіріміздің естен кетпес сәттеріміз. Олай болса, мына жеткіншектеріміздің қуанышты сәттері көбірек болсын» деп тілек білдірді.
«Астана медицина университеті» кәсіподақ комитетінің қолдауымен «Нұр Отан» партиясының «Өркен» бастауыш партия ұйымы және «Жас Отан» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырған кеште «Вайнах», «А7» би студиялары мен Берік Артықбаев, Бақдәулет Иманқұлов, Рүстем Жүгінісов, Әділет Майлинов сынды әншілер өнер көрсетті.