Жамбыл жыры

0 23

Елордада шұрайлы жырдан өшпес мұра қалдырған дүлдүл ақын Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Жамбыл жыры» атты ән-жыр кеші өтті.

682fe830-8789-42c3-a85a-68d08c1ee728

Еркеғали Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармониясы «Халық әні» бөлімінде жыр алыбы саналған, ақындық дарынымен жас кезінен-ақ танылып, ұстазы Сүйінбайдың ақ батасын алған Жамбыл Жабаевтың шығармашылық мұрасын көрерменге жеткізу мақсатында ән-жыр кеші ұйымдастырылды. Халықтың ынтымағына, береке-бірлігіне, татулығына арнаған саналы ғұмырында Құлмамбет, Дос­мағамбет, Бөлтірік, Шашубай, Сара сынды айтыскерлермен сөз сайысына түсіп, ғасырға жуық өмір сүрген жыр алыбы келер ұрпаққа шығармашылық мұра қалдырды.

Шоқтығы биік жыр дүлдүлінің ән-жыр кешінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмира Сарина, ҚР Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, мәдениет саласының үздіктері Нұрай Танабаев, Арафат Ысқақов, республикалық байқаулардың лауреаттары Оспан Құлсымақ, Айнұр Қонысбаева, Елбол Қуанбек, Нұрайым Ерталап­қызы, Алуа Қалымбекова, Дария Мұқан, Айдос Оңғарбай, Әйгерім Нартүйе, Перизат Тұрарова, Нұржан Мейірхан, Бейбіт Мұсаев, «Сарыарқа» фольклорлық ансамблі және «Шалқыма» халық би ансамблі өнер көрсетіп, көрерменге көңілді кеш сыйлады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

fourteen − nine =