ЖАМБЫЛ ДИҚАНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ

0 86

Жамбыл өңірінің диқандарының берекелі қолымен өсірілген алма, алмұрт, жүзім, бақша өнімдері, кептірілген өрік-мейіз, жаңғақтар астаналықтардың дастарханына жетті. Облыстың ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесіне жиналған жұрт көп болды. 60 млн. теңге шамасындағы соманы құрайтын соқталы тауарлар күн қарайғанға дейін сатылып та кетті.

«Жәрмеңкеге облыстың жеті ауданы және Тараз қаласының кәсіпкерлері 17 мәшинеге тиеп азық-түліктің барлық түрлерін әкелдік. Оның ішінде 145 тонна көкөніс, 28 тоннаға жуық ет, 6 тонна ет-сүт өнімдері, 2 тонна балық, 13 тонна бал, кептірілген жеміс бар» – деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Мұратбай Жолдасбаев.

Бағаны сараптай келгенімізде, жамбылдықтар алып келген өнімдердің бағасы Астана базарларынан 20 пайызға арзан екен. Бұл өте қолайлы әрі астаналықтардың қыстың азық-түлік қорын жасап алуына зор мүмкіндік береді. Мұндай жәрмеңкені облыс тауарларының жарна­масы деуге де болады. Аста­на қалалық мәслихатының хатшысы Сансызбай Есілов жәрмеңке кезінде журналистерге берген сұхбатында, әр өңірден келіп жатқан осын­дай жәрмеңкелердің жақсы дәстүрге айналғандығын және ол кәсіпкерлерге де, елорда тұрғындарына да тиімді екенін атап өтті.

«Мұндай жәрмеңкелер дәстүрлі түрде өтіп келеді. Еліміздің облыстары өз ауылшаруашылығы тауарлары мен өнімдерін әкеледі. Мұндағы мақсат-міндет тек сату, сауда жасау ғана емес, өз өнімдерін әкелушілер мен елорда тұрғындары үшін тиімді шарт жасау» – деді мәслихат хатшысы.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 5 =