©2020 Астана Ақшамы
Жамағат арасындағы жарыс
Елордада қала мешіттерінің жамағаты арасында спорттық іс-шаралар маусымы футзал ойынымен ашылды. Нұр-Сұлтан қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдауымен «Аспан» спорт кешенінде футзалдан «Теңбіл доп» спорт жарысы өтті.
Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Аманқұлов және «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы қатысты.
Жарысқа 8 команда тіркеліп, доп қуды. Үзілістер арасында зайырлы мемлекет құндылықтары, спорт ойындарының және салауатты өмір салтының денсаулыққа тигізетін пайдасы және жат ағымдағы діни топтардан сақтандыру тақырыптарында әңгімелер айтылды. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері диплом, кубок және медальдармен марапатталды. Бұл бағыттағы іс-шаралар биыл өзге спорт түрлерінен жалғасады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Алаш», IІ орынды «Куша», III орынды «Орда» командалары иеленді.
Әсия Нұрбекқызы