Жалға берілетін пәтерлер көбейеді

0 168

Өңірлерді дамыту бағдар­ламасы аясында биыл елімізде 103,8 мың шаршы метр үй салынады деп күтілуде. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» Жылжымай­тын мүлік» АҚ Басқарма төрағасы Бауыржан Мамыталиев мәлім етті.

«2016 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында барлығы 103,8 мың шаршы метр үй салынады деп күтіліп отыр. Соның 94,2 мың шаршы метрін, яғни, 1463 пәтерін сатып алу құқығымен 15 жыл мерзімге жалға береміз деп жоспарлап отырмыз» деді «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік» АҚ Басқарма төрағасы. Астана және Алматы қалаларындағы мұндай пәтерлердің арендалық құны шаршы метрі 1612 теңгені құрайды. Өскемен және Қарағанды қалаларында 1414 теңге болмақ. Бұл баға жалға алу мерзімі барысында өзгермейді және тұрақты болып табылады. Егер ұлттық валюта құны өзгеріске ұшыраса да, оның деңгейі сол қалпында қалады.
Жалпы «Өңірлерді дамыту бағдарламасы» бастау алғалы бері Қазақстанның 10 өңірінде 13 нысан бойынша келісімшарт жасалып, 150 мың шаршы метр пәтер салыныпты. Олардың 142,5 мың шаршы метрі, яғни, 2728 пәтер сатып алу құқығымен жалға берілген.

Бүркіт НҰРАСЫЛ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 − one =