Жалға алу тиімді

0 15

Қала қонақтары мен тұрғындары үшін электр самокаттарды жалға беретін алаң іске қосылды. Бұл – самокаттарды жалға алуға болатын алғашқы платформа. Бұл – «Astana Invest» ЖШС пен «Jet Kazakhstan» компаниясының бірлескен жобасы.Электр скутерін пайдалану үшін JET мобильді қосымшасын жүктеп, телефон нөмірі арқылы тіркеліп, төлем үшін банк картасын байланыстыру керек. Одан кейін қалаған скутеріңізді таңдап, QR-кодын сканерлеп, қолайлы тарифті төлеген соң жолға шыға беруге болады.
Қазіргі уақытта қалада самокатты жалға алуға немесе қалдыруға болатын 60-тан астам орын бар, олар Есілдің сол және оң жағалауында орналасқан. Электр самокат орналасқан жері және зарядталу жағдайы туралы мәліметтер JET қосымшасында бар. Сонымен қатар таңдаған самокатыңызды броньдауға болады, ол үшін ақы төлемейсіз.
Самокатты жалға алу бағасы мынадай:
Дүйсенбі-бейсенбі: 00:00-ден 11:59-ға дейін – 30 теңге. (1 мин.);
Дүйсенбі-бейсенбі: 12:00-ден 23:59-ға дейін – 35 теңге. (1 мин.);
Жұма-жексенбі: 00:00-ден 23:59-ға дейін – 35 теңге. (1 мин.).

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 9 =