©2020 Астана Ақшамы
«ЖАЙЫҚТЫҢ АҚ ШАҒАЛАСЫ» ЕСІЛГЕ ҚОНАДЫ
Қазақстанның мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының иегері, ақын Ақұштап Бақтыгереева астаналық оқырмандарымен жүздеседі.
«Жайықтың ақ шағаласы» атты әдеби-сазды сұхбат кеші 3 сәуір күні сағат 17.00-де Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (бас ғимарат, Тұңғыш Президент атындағы 208 аудитория) өтеді. Оқу орны жанындағы «Кәусар» мәдени-танымдық бірлестігі ұйымдастыратын жыр кешінде ақын шығармашылығынан сыр тартып, оқырмандарының сауалдарына жауап береді. Шараны бірлестік жетекшісі, белгілі әнші Кенжеғали Мыржықбай жүргізеді.
Келемін деушілерге есік ашық.