Жайлы қала ауласынан көрінер

0 42

Қала күні қарсаңында елордада 40-тан аса аула мен 20 қоғамдық орындар – аллея­лар мен скверлер абаттандырылды. Жалпы, биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік абаттандырылады деп жоспарланып отыр. Байқоңыр ауданында – 50 аула, Сарыарқа ауданында – 40, Алматы ауданында – 33, Есіл ауданында 20 аула абаттандырылады.Аулалар «Нұр-Сұлтан – жайлы қала» жоспарының тұжырымдамасы аясында абаттандырылуда. Қазіргі уақытта елордада барлығы 1560 аула бар, оның 70 па­йызы абаттандырылған. Байқоңыр ауданында 20 ауланы абаттандыру жұмыстары аяқталды, биыл жалпы 70 ауланы абаттандыру жоспарланған. Олардың ішінде «Өндіріс», «Кирпичный», «Казгородок» тұрғын алаптары да бар.
Жұмыс тұрғындардың тілектерін ескере отырып жүргізілуде. «Бюджетке қатысу» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Осылайша қала тұрғындары қай аумақты абаттандыру керегін өздері анықтайды. Мысалы, Сарыарқа ауданында 40 ауланың 13-і «Бюджетке қатысу» бағдарламасы бойынша абаттандырылып жатыр. Алматы ауданының аумағында 33 аула абаттандырылады.
Биыл Есіл ауданында балаларға арналған 20 аула салынып, бес қоғамдық орын абаттандырылады. Жаңа алаңқайлар барлық заманауи стандарттарға сай салынған. Көгалдандыруға қолданылатын материалдар сертификатталған, резеңке жабындылар, шағын архитектуралық формалар мен спорт алаңдарында жаттығу кешендері орнатылған. Сонымен қатар футбол, волейбол және баскетбол алаңдары салынуда.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

18 + three =