Жаһан жаңалықтары

0 11

Індет жұқтырғандар  9 миллионнан асты

Індеттің таралуы бәсеңдемей тұр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы осылай деп дабыл қақты. Бүгінде жер бетінде ауырғандар саны 9,2 миллионға жетті. 477 мың науқас қауіпті кеселден көз жұмды.

23 маусымда Қазақстанда 1630 адамнан коронавирус табылды. Мұның 534-інде COVID-19 симптомы бар, 1096 адамда ауру белгісі жоқ. Бұл – бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бір күнде 7 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы Қазақстанда 30 486 адамнан коронавирус анықталды. 11 514 адам жазылып шығып, 134 адам қайтыс болды.

Еуроодақ Қытайға ескерту жасады

Еуроодақ басшылары Қытайдан өзара саудадағы тепе-теңсіздікті жоюды талап етті. Яғни олар мемлекет тарапынан қатаң реттелетін Қытай нарығын еуропалық компаниялар үшін ашылғанын қалайды. Әйтпесе бұл екі тарап арасында қарым-қатынастардың нашарлауына әкелетінін ескертті.

Сонымен қатар, Еуроодақ Қытайды мемлекеттік субсидиялар мәселесінде ашық саясат жүргізуге шақырды. Соңғы кезде Еуроодақ бірқатар қытайлық тауарларға баж салығын көтерген болатын. Өндірушілерге Қытай үкіметінен қаржылық демеу көрсетілетіндіктен, мұны демпинг деп санаған.

Қажылық сапар тоқтатылды

Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты шетелдіктердің елге келіп, қажылық жасауын тоқтату туралы шешім қабылдады. Мекке мен Мединаға осы елдегі азаматтардың да аз ғана бөлігі барып, құлшылық ете алады.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, шара адамдардың дертке шалдығуының алдын алу үшін қолға алынған. Сауд Арабиясында 165 мың адам індет жұқтырып, 1350 адам қайтыс болды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nineteen − twelve =