©2020 Астана Ақшамы
ЖАҺАН БАҒЫ ЖАЙҚАЛАДЫ
Астанада «ЭКСПО-2017» көрмесі қарсаңында 97 гектар жерге ботаникалық бақ салынады.
Парктік аймағы бар ботаникалық бақ №24, 26, Қабанбай батыр және Түркістан көшелерінің жанында орналасады. Бақ жобасы 6 кешенге бөлінген. Атап айтқанда, екі саябақ аймағы, субұрқақтар орналасқан қосалқы бөлік, Қазақстанның табиғатын танытатын ботаникалық бақ пен каскадты жылыжайлары бар «Жерорта теңізі орманы», «Азиялық пейзаж», «Жер мен ана бағы», «Тропикалық оранжерея» және «Иран», «Испания», «Жапония», «Англия», «Франция», «Италия», «Қытай», «Мысыр» бақтары болады. Сондай-ақ, жасанды көл мен су өсімдіктеріне арналған айдындар да бақтың ажарын аша түспек.