Жағдай күрделі күйде

0 42

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкіметтің селекторлық отырысында еліміздегі санитарлық-­эпидемиологиялық ахуал талқыланды.

Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай туралы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Л.Ақтаева, ветеринарлық және эпизоотиялық ахуал туралы Ауыл шаруашылығы министрі С.Омаров, биологиялық қауіпсіздік саласындағы ғылыми-зерттеу қызметі туралы Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов, жеке қорғану құралдарын өндіру туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі ­Б.Атамқұлов, өңірлердегі ахуал туралы Атырау облысының әкімі М.Досмұхамбетов, Павлодар облысының әкімі Ә.Сқақов баяндады.
COVID-19 індетіне қатыс­ты жағдай күрделі күйінде қалып отыр. Соңғы екі аптада барлық дерлік өңірлерде науқастар саны көбейді. Мұның негізгі себебі – адамдардың санитарлық талаптарды орындамауы мен бақылаудың нашарлығы. Үкімет басшысы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ведомствоаралық комиссия­ның шешімімен алдағы демалыс күндері бірқатар ірі қалалар мен тұрғындарының саны 50 мыңнан асатын барлық өңірлердегі елді мекендерде қосымша шектеу шаралары енгізілетінін хабарлады.
Премьер-министр жеке қорғану құралдарының отандық өндірісін ұлғайту және олардың халық үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету шараларын қабылдауды, жасанды тыныс алу аппараттары мен жеке қорғаныш құралдарының жеткілікті қорын қалыптастыруды, олардың мемлекеттік материалдық резервте болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − 11 =