Жадырамыз – жүлдегер!

0 73

Елордада «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының бастамасымен ұйымдастырылған қаламгерлер арасындағы дәстүрлі «Ауылым – алтын тұғырым» әдеби-онлайн байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты және «Алтын тұғыр-2020» үш томдық әдеби жинақтың тұсаукесері өтті.

Бұл байқауда ауыл өмірі суреттеу, ауыл ша­руашы­лығының жай-күін насихаттау басты мақсат болған. Байқаудың нәтижесі бойынша «Астана ақшамы» газетінің шолушысы Жадыра Шамұратова «Проза» аталымы бойынша 2-орынды жеңіп алды. Бүгінгі қазақ прозасында өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленіп, оқырмандардың ықыласына бөленіп жүрген әріптесімізді айтулы жүлдесімен құттықтаймыз!
Бас жүлдені белгілі жазушы Төкен Әлжан алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − 7 =