ЖАДЫМДАҒЫ ЖЕТІ КҮН

0 78

Ерболат ДӘЛЕНОВ, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

Біздің әр апта, әр күн, әр сағатта айтатын әңгімеміздің негізгі желісі денсаулық сақтау, халық арасында ағарту жұмыстарын жүргізу жайында болады.
Осы аптада өздеріңізге белгілі медицина қызметкерлерінің төл мерекесін тойлаймыз. Медицина қызметкерлерінің мерекесін жылда шәкірттеріммен бірге атап өтемін.
Тойдың басы басталып та үлгерді. Шәкірттерім келіп құттықтап жатыр.
Соңғы уақытта біздің кафедра аурудың алдын алу және адамның денсаулық дәрежесін анықтау туралы контекст дайындаумен мықтап айналысып жатыр.Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған маңызды. Осы орайда біз адам өміріне қатерлі 11 жағдайды анықтадық. Осы 11 жағдайды бала туылғаннан бастап 100 жасқа жеткенге дейінгі аралыққа кезең-кезеңімен бөліп шықты.Егер осы контекстте көрсетілген 11 жағдайдың алдын алатын болсақ, халық денсаулығын жақсартып, өмір сүру ұзақтығын арттыруға қол жеткіземіз.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =