©2020 Астана Ақшамы
Зейнеткерлерге көмектеседі
Елордалық еріктілер жалғыз тұратын зейнеткерлердің ауласын қардан тазалау шарасын жалғастырып жатыр.
Соңғы күндері қардың көп жауғаны жекеменшік үйде тұратын тұрғындар үшін қолайсыздық туғызғаны анық. Осыны ескерген «Астана жастары» жастар ресурсы орталығы құрамындағы еріктілер жалғыз тұратын қарт кісілердің ауласының қарын күреуге көмектесіп жүр. Жастар үйлердің ауласындағы қарды күреп, қаланың коммуналдық қызметтері алып кететін арнайы орындарға шығарады. Ал зейнеткерлер болса көмек қолын созған ерікті жастарға алғыстарын айтуда.