Ел тынысыСаясат

Зейнеткерлер жаңа конституция жобасын қолдауға шақырды

Бүгін Ататүрік саябағында «Алға Қазақстан!» атты патриоттық іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын, яғни референдум өткізу бастамасын қолдау, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Іс-шараға 45 зейнеткер, қолдау топтары, сондай-ақ аудандық ұйымдардың өкілдері қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар сапқа тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындады, кейін Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының директоры Серік Қарабатыров құттықтау сөз сөйледі.

Бағдарлама аясында танымал әнші Қайрат Нұртастың орындауындағы «Алға Қазақстан» әні шырқалып, қатысушылар сапқа тізіліп тұру арқылы референдум өтетін күннің символдық бейнесін көрсетті. Сонымен қатар жаңа Конституция жобасын қолдауға бағытталған патриоттық ұран сөздер айтылды.

Патриоттық іс-шараның ұйымдастырушысы Марат Кәрімтайұлы: «Жаңа Конституция жобасын қолдауға арналған бұл шараның мақсаты – зейнеткерлерді бір ауыздан осы саяси науқанға қатысуға шақыру. Скандинавиялық серуенге қатысатын зейнеткерлер белсенділік танытып, өз замандастарын да бұл бастаманы қолдауға үндеді. Аталған шараны ұйымдастыруға Байқоңыр ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімі мен аудандық әкімдік мұрындық болды», – деп пікір білдірді.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button