ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҚСА ДА, ЗЕЙІНІ ЖҰМЫСТА

0 190

zags

Қазақстан Республикасы Әділет органдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай осы салада ұзақ жылдар бойы жемісті қызмет атқарған, былтыр ғана зор құрметпен зейнеткерлікке шыққан Азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінің ардагері Рыскүл Мақанова туралы аз-кем сыр әңгіме өрбіткенді жөн көрдік.

Заман бір орнында тұрмайды, сынаптай сырғыған уақыт ұстатпайды да. Бұлай дейтінім, кешегі жап-жас маман бүгінде зейнеткер атанып отыр. Бүкіл саналы ғұмырын азаматтық хал актілерін тіркеу саласына арнаған, бойындағы білімі мен білігін нақты істерімен дәлелдеп, ел-жұрттың ерекше ықыласына бөленген Рыскүл Байғазықызы осы қызметте бақандай отыз бес жыл жұмыс атқарыпты.

Адам бойындағы асыл қасиеттер мінезден туындайды десек, оған ана сүтімен бойына біткен адамгершілік қасиеті, ақиқат пен әділеттілікті жоғары қоятындығы, бауырмал жанашырлығы, халық мүддесіне қызмет етуге құлшынысы абыройын асқақтата түсіп, бойындағы азаматтығы мен парасаттылығы жетістіктерге жетелеп, табыстарға кенелтті.

«Асыл адам айнымас» деп Абай айтқандай, Рыскүл Байғазықызының асып-тасып кеуде керген, менменсінген кезі жоқ. Сөзі мен ісі бір арнаға тоғысып, сұлулығы мен мәрттігінен құбылған емес. Шаңырақтағы жарасымды тірлігімен, дос-жаранға деген сыйластығымен жастарға үлгі-өнеге болды. Туып-өскен өлкесіне терін төгіп, ерен еңбегі еленіп, түрлі марапаттар иеленді. Қазір ол Астана қаласы Әділет департаменті АХАТ мұрағатының меңгерушісі болып жұмысын жалғастырып келеді, жастарға кәсіби маман ретінде жұмыстың қыр-сырын үйретуден жалықпайды.

 

Бақытжамал БАЗАРБАЕВА, 

Есіл аудандық Әділет басқармасының бөлім басшысы

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − nineteen =