Зейнетақыны есептеу жүйесі өзгереді

0 80

Елімізде 1 сәуірден бастап зейнетақыны есептеу жүйесі өзгереді. Бұл туралы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарлады.

БЖЗҚ-дан төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 2 қазандағы №1042 қаулысының (Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне 2-қосымша) ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.
Бұл ретте БЖЗҚ-дан ай сайынғы зейнетақы төлемі ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан кем болмауы тиіс (қазір 54 пайыздан төмен болмауы шарт). Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру Әдістемесіне сәйкес 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап зейнетақы төлемдерін жүзеге асырудың бірінші жылындағы зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы зейнетақы жинақтары сомасының зейнетақы жинақтары төлемдерінің мөлшерлемесіне көбейтіндісі ретінде есептелетін болады – 6,5%. Сонда алдымен зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасын жинақтың мөлшерлемесіне көбейтеді. Одан кейін 12 айға бөледі. Осылайша бір айлық төлемнің мөлшері шығады.
Қор мамандарының хабарлауынша, одан кейінгі жылдары ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшері өткен жылғы ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін зейнетақы төлемдерін 5 пайызға индекстеу мөлшерлемесіне жыл сайын арттыру жолымен қайта есептеледі.
Мәселен, зейнетақы жинақтарының сомасы 6000000 теңге болса, 1 сәуірден бастап алғашқы жылдың зейнетақы төлемдерінің жылдық сомасы: 6000000*6,5%=390000 теңге болады. Бұдан ай сайынғы төлем мөлшері (390000/12 ай) 32500 теңге шығады. Екінші жылда оның көлемі 5 пайызға өседі, сонда 34125 теңгеге дейін көтеріледі.
Сонымен қатар зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесінде белгілі бір санаттарға жататын, яғни мерзімсіз уақытқа белгіленген I немесе II топтағы мүгедектігі бар, жинақтары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен кемінде алпыс ай жинақталатын зиянды және қауіпті өндірістерде жұмыс істеген алушылар үшін түзетілетін арттыру коэффициенттері көзделген.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесі 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін іске асырған адамдарға зейнетақы төлемінің жыл сайынғы мөлшері ең төмен зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен кем болмайды (2021 жылы 30х43272= 1298160 теңге). Төлемдер бұрын таңдалған кесте бойынша жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың жаңа әдістемесіне сәйкес, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу құқығын 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 31 наурызға (қоса алғанда) дейін іске асырған адамдарға 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ай сайынғы зейнетақы төлемдері 5% мөлшеріндегі зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшерлемесіне ұлғайтылады, кейіннен жыл сайын индекстеліп отырады.
Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асырудың аталған әдістемесінде халықтың еңбек жағдайы мен денсаулық ерекшеліктерін ескеріледі, бұл өзгеріс БЖЗҚ-дан берілетін жыл сайынғы төлемдер мөлшерін ұлғайтуға ықпал етеді. БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =