Зейнетақы жүйесі жаңаша жұмыс істейді

0 33

2023 жылдан бастап жұмыс берушілердің 5 пайыз міндетті зейнетақы жарнасы енгізілмек. Жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмыскерлерінің пайдасына олардың табысынан міндетті 5 пайыз зейнетақы жарнасын аударады.Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Мемлекет басшысының тапсыр­масы бойынша еліміздің зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Зейнет­ақы жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарды 2019 жылы Үкімет жанынан құрылған жұмыс тобы ұзақ мерзімді модельдерді құру негізінде әзірледі.
Осы өзгерістерге сай ең төменгі мөлшерді ең төменгі күнкөріс деңгейін 54 пайыздан 70 пайызға дейін ұлғайту, қатысудың ең аз өтілін 10 жылдан 5 жылға дейін азайту, зейнетақы мөлшерін шектеуді алып тастау ұсынылады. Ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу зейнетақымен қамсыздандыру деңгейін арттыруға, барлық азаматқа бірыңғай тәсілді қамтамасыз етуге, ең төменгі кепілдіктер жүйесін жетілдіруге, еңбек қатынастарын ресмилендіруді ынталандыруға мүмкіндік береді және халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес келеді. Тұжырымдама аясында 2028 жылдан бастап базалық зейнетақы төлемінен ең төменгі кепілдендірілген зейнетақыға көшу көзделген.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three + 1 =