Зейнетақы мөлшері қалай есептеледі?

0 74

2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 153,7 млрд теңге бөлінді.

2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99857 теңгені құрады.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнет­ақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер (бұдан әрі – МЗЖ) зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады. Сонымен, егер зейнетақы жүйесіндегі жұмыс өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ егер мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 пайызға артады.
Мысалы, егер сіз 20 жыл қатыссаңыз, базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі құнының 74 пайызын, 30 жыл – күнкөріс құнының 94 пайызын құрайды. 33 және одан да көп жыл жұмыс өтілі болса, күнкөріс құнының 100 пайыз жоғары мөлшерінде белгіленеді. Егер бір ай ішінде МЗЖ бірнеше рет Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жасалса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды. Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық салынатын болса, зейнетақы жасына жеткенде, базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңде алынған орташа айлық табысқа байланысты болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

five × 3 =