Зауыт тегі – злата прагадан

0 78

Зауыт жұмысымен танысты

Чехия делегациясының Қазақстанға жұмыс сапары барысында тарап өкілдері Қазақстан-Чехия технологиялық орталығында болып, ондағы зауыттың жұмыс барысымен танысты. Жиынға Чехияның Өнеркәсіп және сауда министрі Мартин Куба және Астана қаласы әкімінің орынбасары Сергей Хорошун қатысты.

Елімізді маңызды стратегиялық әріптес санайтын Чехия мен Қазақстан арасындағы саяси-экономикалық байланыс қарқынды дамып келеді. Өткен жылдың өзінде жалпы құны 250 млн долларды құрайтын келісімдерге қол қойылған. Өндірістік цех аумағында орналасқан аталмыш зауыт экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында қолға алынған жоба.

Үдемелі – индустрияландыру бағдарламасына енген технологиялық орталықтың жарғылық капиталы 1,679 млрд теңгені құрайды. Мұнда орнатылған құрал-жабдықтар чех елінен әкелінген. Орталық қазіргі таңда тоғыз станоктік құрылғымен жабдықталған. Зауытта бастапқыда 500 млн теңгенің өнімін шығару көзделіп отыр. Алдағы уақытта жұмыс қуаты толық пайдаланылғанда жыл сайын металл бұйымдарының жалпы құны 900 млн теңге болатын, үш мың тоннаға жуық өнім өндіру жоспарда бар.  Орталықтың ашылуы, өз кезегінде 65 адамды жұмыспен қамтамасыз етеді.  Зауыт басшылығының айтуынша, барлық инженерлер Чехияда арнайы оқыту курсынан өтіп  келген.

Чехия ынтымақтастығының басым бағытының бірі – оқу және қызмет көрсету орталықтарын құру. Сондықтан Қазақстан-Чехия технологиялық орталығы металл өңдеу және машина жасау салаларында заманауи технологияларды қазақстандық мамандарға үйрету орталығына айналатын болады.

Елбасы айтқан технологиялық және өнеркәсіп парктерін құруда чех тәжірибесін пайдалану, өзара тиімді инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екендігімізді ескерсек, бұл зауыт еліміздің индустриалды дамуына жаңаша серпін беретініне сенейік.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seventeen − twelve =