Зауыт пен фабрика іске қосылады

0 11

Нұр-Сұлтан қаласында 6 зауыт пен фабрика бой көтереді. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.«Елорда қарқынды дамып келеді. Қалада құрылыс материалдарына сұраныс жоғары. Инвестициялар мәселелері жөніндегі кезекті өңірлік үйлестіру кеңесінде 6 зауыт пен фабрика құрылысы мақұлданды. Мысалы, кірпіш зауытын салу, темір-бетон бұйымдарын, кеспе тастар мен жиек тастарды, санфаянс пен керамиканы өндіру жобалары қаралып, қолдау тапты» деді әкім.
Зауыт жылына 120 млн дана кірпіш өндіруге қауқарлы. Мұнда газбен біркелкі күйдіру есебінен қатардағы және қапталған керамикалық кірпіш шығарылады. Жобаны іске асыру бағаны төмендетуге, өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді және жұмыс барысы толығымен автоматтандырылады.
Сонымен қатар жұмсақ және корпустық жиһаз, есіктер шығару жобасы бар. Жаңа жиһаз фабрикасында жылына 24 мыңға жуық жұмсақ және шкаф жиһаздарын өндіру көзделген. Ал есік шығаратын зауыт айына 2 мыңға дейін ішкі есіктер жиынтығын өндіреді. Инвесторлардың осы салада айтарлықтай тәжірибесі бар. Қолдау тапқан жобаларды жүзеге асыру 1 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға және ел экономикасына 50 млрд теңге тартуға мүмкіндік береді.
«Өткен жылы қалада 3 млн шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді. 7 мыңнан аса әлеуметтік пәтер бой көтерді. Биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін ұлғайтамыз. Тиісінше, ілеспе өндірістерді – «қарапайым заттар экономикасын дамыту қажет. Отандық өндірушілерді, қала мен тұрғындар үшін қажетті жобаларды қолдау маңызды. Құрылыс индустриясының өндірісін кеңейту қажет. Әрбір жеке жоба жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді» деді Алтай Көлгінов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

nine + 19 =