ЗАРИНА – ҮЗДІК ЖҮЗДІК ІШІНДЕ

0 156

c51b7faaad15

Қазақтың теннисші қызы Зарина Дияс әйелдер арасындағы әлемнің үздік жүз теннисшісінің қатарынан ойып тұрып орын алды.

Зарина Майамиде өткен WTA турнирінің іріктеуінен өтіп және жарыстың екінші кезеңіне дейін жеткен болатын. Осы жетістігінің арқасында ол 105-орыннан 91-орынға бір-ақ көтерілді.
Ал, басқа қазақстандық әйел теннисшілердің арасында Ярослава Шведова 58-ден 55-орынға жоғарыласа, Галина Воскобоева аталмыш рейтингте бір саты төмендеп, қазір 64 орында тұр. Алғашқы үштікте Серена Уильямс (АҚШ), Ли На (Қытай), Агнешка Радванска (Польша) секілді мықтылар орналасқан.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =