Заңсыздықтың жолын кесті

0 21

Полиция қызметкерлері мен қала прокуратурасы өкілдерінен құрылған ұшқыр топ бірлесіп, елордада қорғаныс маскаларын (барлығы 220 дана, жалпы сомасы 300 мың теңгеден астам) және дезинфекциялық құралдарды (1,7 тонна, жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам) заңсыз сату деректерін анықтады.Азаматтар Батуллин және Ережепов төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссияның, өте қажет болмаса адамдар мен жеке көлік құралдарының қозғалысын шектеу жөніндегі қалалық штаб­тың шешімін елемей, уәкілетті органдарда тіркеусіз және тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөліміне хабарлама жібермей, «Газель» автокөлігімен медициналық құралдарды сатқан. Жоғарыдағы көрсетілген фактілер бойынша Б.Батуллин мен М.Ережеповқа қатысты ҚР ӘҚБК 463-бабының 1-бөлігімен (тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу) және ҚР ӘҚБК 476-бабының 6-бөлігімен (карантин және басқа да мiндеттi санитариялық-эпидемия­ға қарсы iс-шараларды өткiзу) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылып, әкімшілік материалдары сотқа қаралу үшін жолданды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two × one =