ЗАҢСЫЗ ОЙЫНХАНА АНЫҚТАЛДЫ

0 86

41

Астана қаласы ІІД Ұйымдасқан қыл­мыспен күрес бас­қар­масының қыз­мет­­керлері елордадағы көпқабатты тұрғын үйдің бірінен заңсыз ойын­хананы анықтады.

3 ақпан күні түнде Ұйым­дасқан қылмыспен күрес басқармасының қызмет­керлері жедел іздестіру шарасы барысында табылған астыртын ойынханадан 18 ойын автоматын тәркіледі.

Елордалық полицейлер заңсыз ойынхананың 25 жас­тағы ұйымдас­тыру­шысын ұстаған. Қазіргі уа­қыт­та қыл­мыстық іс қозға­лып, сотқа дейінгі тергеу жұмыс­тары жүргізіліп жатыр.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + 5 =