Заңсыз дүңгіршіктердің жұмысы тоқтатылды

0 82

Мемлекеттік жер телімдерін заңсыз басып алуға жол бермеу мақсатында Алматы ауданы әкімінің аппараты аудандық ішкі істер бөлімі және аудандық прокуратурамен бірлесе отырып кешенді шаралар өткізуде.

Үстіміздегі жылдың 9-20 қаңтар ара­лығында аудан аумағында рұқсат құ­жаттарынсыз сауда-саттықпен ай­­налысып жатқан 44 павильон мен дүң­­гіршек орнынан алынып, аудан территория-сынан шығарылды. Жұ­мыс­ барысында, бір ғана Абылайхан даң­­ғы­лының бойынан осындай 15 дүңгіршек табылды. Аталған ба­­­ғыт­та­ғы жұмыстар бүгінгі күнде де­ жал­­­ғасуда.

Қазақстан Республикасының Әкім­­­шілік құқық бұзушылық ту­ра­лы­­ кодексінің 118-бабына сәйкес, жер­­ телімдерін басып алуға тыйым са­­­лын­ған және жерді заңсыз пай­­да­­­ла­­ну үшін 50-ден 150 айлық есеп­­тік­­­­ көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл төлеу түрінде әкімшілік жауапқа тартылу қарастырылған. Осыған орай, Алматы ауданы әкімі аппаратының баспасөз қызметі аудан аумағындағы кәсіпкерлердің жер телімдерін заңсыз басып алуға жол бермеуін ескертеді.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − 8 =