Заңдылық тарихы зерделенді

0 33

Елордада Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына арналған «Ата Заң: «Жеті жарғыдан» Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына дейін» тақырыбында онлайн жиын өтті. Оған белгілі құқықтанушылар, ғалымдар, мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, қаламыздың белсенді жастары қатысты.

Жиында еліміздің Конституциялық кеңесінің мүшесі Рахмет Мұқашев Ата Заңды әзірлеу барысына шолу жасап, оның әлемдегі көп елдің конституцияларын зерделей келе, еліміздің Конституция­сының негізі ретінде Франция Конституциясы алынғанын айтты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дип­ломатия институтының профессоры, еліміздің бірінші сыртқы істер министрі Төлеутай Сүлейменов Ата Заңның қазіргі құндылықтарына тоқталды.
«Қазір Қазақстанның өз заңды шекарасы бар. Шекарасыз тәуелсіздік болмайды. Біздің елдің территориясында орналасқан ядролық қарудың арсеналынан өз еркімен бас тарту мемлекет экономикасына шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Өзінің сыртқы саясатының қалыптасуы Қазақстанның әлемдік аренада жалпыға танылған ойын­шыға айналуына мүмкіндік берді» деп атап өтті Төлеутай Сүлейменов.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен өз сөзінде негізгі заң Қазақстан халқына таңдау құқығын бергендігін атап өтті.
«Елбасы Конституцияның қоғам мен ел өміріндегі ерекше рөлін үнемі айтып келеді. Кеше Мемлекет басшысы атап өткендей, Конституция біздің тәуелсіздігіміздің берік құқықтық негізін жасады. Мемлекеттің жоғары құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды. Бұл құжатта елдің аумақтық тұтастығы, қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық, заңның үстемдігі және демократия принциптері шоғырландырылды. Жаңа астананың дамуы бүкіл Қазақстанды түбегейлі өзгертті, оны экономикалық тұрғыдан қуатты және саяси тұрақты мемлекетке, жауапты және беделді халықаралық серіктеске айналдырды. Қазақстанның астанасы біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдарындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жетістіктерін бейнелейді, елдің қуатын және оны одан әрі дамытудың жоғары әлеуетін көрсетеді» деп қорытындылады онлайн жиында Бақтияр Мәкен.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =