ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫ ҚАЛАЙ ТІРКЕЙДІ?

0 185

70746127_5_1000x700_srochnoe-izgotovlenie-pechatey-i-shtampovfaksimilerashodnye-materialy-zapadno-kazahstanskaya-oblast

Менің білгім келгені, заңды тұл­ғаларды қайтадан мемлекеттік тіркеу қалай жүргізіледі? Қан­дай құжаттар қажет?

Алмат, қала тұрғыны

Оқырман сауалына Астана қаласы Әділет департаментінің Заңды тұл­ғаларды тіркеу бөлімінің бас маманы А.Сәтова жауап береді:

– ҚР Азаматтық кодексінің 42-бабына сәйкес, заңды тұлғаның атауы өзгертілгенде, шаруашылық серіктестігінің қатысушылар құрамы өзгергенде және жарғылық капиталы азайтылған жағдайда заңды тұлға қайта тіркелуге жатады. Бұл ретте тіркеуші органға:

1) Белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) Заңды тұлғаның құрылтай құжат­тарына, филиал туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделетін, мем­лекеттік қайта тіркеу туралы заңды тұл­ғаның уәкілетті органының заңды тұлға мөрімен бекітілген шешімі немесе  шешімнің үзінді көшірмесі;

3) Жеке кәсіпкер субъектісіне жатпайтын заңды тұлға, сондай-ақ акционерлік қоғам, олардың филиалдары үшін енгізілген өз­ге­рістері мен толықтырулары бар құрылтай құжаттарының үш данасы; 

4) Жеке кәсіпкерлік субъектісіне жатпайтын заңды тұлғаның, сондай-ақ акцио­нерлік қоғамның бұрынғы құрылтай құжат­тарының, олардың өкілдіктері туралы ере­желердің түпнұсқалары;

5) Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркегені немесе филиалды қайта тіркегені үшін бюджетке тіркеу алымы төленгенін растайтын түбіртек ұсынылады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × four =