Заңды белден басқандар жазаланады

0 79

«Antikor Ortalygy» алаңында өткен брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Жазира Жылқышиева, «Астана-адалдық алаңы» жоба жетекшісі Мирас Шекенов, ақпараттық-ағартушылық штаб жетекшісі Сәдібек Түгел жарты жылдықта атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде айтты.

Мониторинг барысында мемлекеттік органдарда және ведомстволық бағынышты ұйымдарда нысандар, қызмет көрсету, кеңсе тауарлары мен интерьер заттарын сатып алуда нарықтық бағадан жоғарылау фактілері анықталды. Мәселен, білім басқармасы A4 форматындағы қағазды 2679 теңгеге сатып алуды жоспарлаған. Ал тауардың осы түрінің нарықтағы шекті бағасы 1400-ден 1500 теңгеге дейін құрайды. Осындай жағдай мектеп парталары мен орындықтарды сатып алуды жоспарлау кезінде де кездесті.
Білім басқармасы нарықтық бағада – 16000 теңгеден 20 000 теңгеге дейін тұратын мектеп партасы үшін мемлекеттік сатып алуды 53000 теңгеге жоспарлаған, орындықтарды 13000 теңгеге сатып алу жоспарланған, ал өнімнің бұл түрінің бағасы 6000-10000 теңгені құрайды. Жалпы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ұсынымдарына сәйкес білім басқармасы жалпы сомасы 60 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алу жоспарларына өзгерістер енгізді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Protecting Business and Investments» жобасы аясында әкімшілік кедергілерді жою, ірі кәсіпкерлік субъектілерінің заңды құқықтары мен мүдделерінің бұзылуын болдырмау мақсатында инвестициялық жобаларға қолдау көрсетеді. «Tamos Space School» ЖШС пайда болған мәселелердің шешілуін атап өтуге болады.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабы аясында Департаментпен 63 ұсыным енгізілді. 29 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде: 3 тұлға қызметке толық сәйкес еместігі бойынша жұмыстан шығарылды, төртеуі лауазымынан босатылды. Қалғандарына ескертуден лауазымынан төмендетуге дейін шаралар қолданылды.
15 басшы бағыныштылардың заң бұзғаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Мысалы: Алаяқтық фактісі бойынша Республикалық эпизоотияға қарсы отряды РММ бөлімінің басшысына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында осы мемлекеттік мекеменің директоры С.Абдулхаликов бағынышты адамның құқық бұзушылығы үшін сөгіс түрінде тәртіптік жауапкершілікке тартылды; Қылмыстық құқық бұзушылық бойынша 28-баптың 4-б., 367-баптың 1-б. қарастырылған «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ МКК директорының орынбасары Д.Әліпбаевқа және басқа адамдарға қатысты қылмыстық іс қозғау шеңберінде – «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ ММК директоры Е.Әлиевке ескерту жарияланды; «№12 Балабақша – бастауыш мектеп» директоры Т.Жұмабай және №13 орта мектептің директоры К.Рахимбеков бюджет қаражатын бірнеше рет ұрлау фактілері бойынша қозғалған қылмыстық іс шеңберінде – қаржылық мәселелерді, оның ішінде мемлекеттік сатып алуға жетекшілік ететін Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары қызметінен босатылды; Қазақстан Республикасы Қылмыс­тық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне жолданған ұсынымы бойынша аталған министрліктің жауапты хатшысының 1 маусымындағы бұйрығымен қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеті үшін Көліктік бақылау инспекциясының басшысы М.Конерказовтың лауазымы бас маманға дейін төмендетілді. Инспекцияның бас маманы С.Айдаркенов лауазымды тұлға бола тұра, бірнеше рет жүк тасымалдаушылардан пара алған.
«Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ инспекторы А.Мейманқұловқа қатыс­ты қозғалған қылмыстық іс шеңберінде «Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары О.Ибраеваға сөгіс жарияланды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің барлық ұсынымдары мемлекеттік органдар мен ведомстволық бағыныштағы ұйымдардың қатысуымен қаралды.
Сот үкімдерімен аяқталған қылмыстық істер бойынша бірнеше мысал келтіріп өтейін. Сонымен, өткен жылдың 18 желтоқсанында азаматша И.Самсонова Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің «№31 мектеп-гимназиясы» КММ-нің директоры бола отырып, қызметтік кабинетінде «Устаз» ЖШС аспазшысы А.Самойлюктан 742 000 теңге көлемінде пара алған.
2015 жылдың тамызынан бастап №13 орта мектеп директоры, азамат К.Рахымбеков өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында бағыныштыларына мемлекеттік білім саласында қажетті білімі бар ресми жұмысқа орналасу үшін адамды іздестіру туралы өтінішпен жүгініп, аударылған және қолма-қол ақшаны мектеп қажеттілігіне жұмсалатынын айтқан.
№ 13 орта мектеп директоры К.Рахымбеков бұйрығы негізінде азамат К. еңбек шартының талаптарына сәйкес мұрағатшы қызметіне тағайындалған, бірақ, іс жүзінде мұрағатшы қызметін орындамаған. Оның жалақысы мектеп директорына түсіп тұрған. 2 673 013 теңге көлемінде алынған ақшаны мектеп директоры оқу орнының қажеттіліктеріне, қалған 400 000 теңгені өзінің жеке қажеттілігіне жұмсаған.
2020 жылдың ақпан айында азамат Рахымбеков К. өзіне сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, арнайы құрал-жабдықтары бар «Сапатранс» ЖК басшысы азамат Т.Сапинді шақырып, оған мектеп аумағынан қарды шығаруға келісімшартты көтерме бағамен жасасуды және ол үшін ақшалай сыйақы төлеуге уәде берген.
2020 жылдың 15 наурызында бір топ адамдармен Т.Сапин Нұр-Сұлтан қаласы Шалкөде к-сі, 5 мекенжайы бойынша орналасқан оқу орнының аумағынан қарды жинап, шығарылуын қамтамасыз еткен. Кейін, азамат Рахымбеков К.К. жалпы сомасы 600 000 теңге болатын келісімшартқа және мектеп аумағындағы қардан тазарту бойынша аяқталған жұмыс актісіне қол қоюды қамтамасыз етті. Бұл әрекеттер үшін азамат Сапин Рахымбековтің әйелінің картасына 440 000 теңгені аударды. 2020 жылдың наурызында азамат К.Рахымбеков өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, сеніп тапсырылған мүлікті ұрлау мақсатында мектеп қажеттілігі үшін жалпы сомасы 905 000 теңге болатын ақпараттық-тақырыптық баннерлерді сатып алу кезінде «Азия-Арт» ЖК басшысы М.Абишевті шақырып, оған үлкен сомаға келісімшарт жасау арқылы 183 000 теңге ақша төлеуге уәде берген. К.Рахымбеков және М.Абишев заңсыз әрекетке келісіп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған. Бұл әрекеттер үшін азамат К.Рахымбеков Алматы аудандық № 2 сотының үкімімен кінәлі деп танылып, 10 230 000 теңге көлемінде айыппұл салынып, мемлекеттік ұйымдарда және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Тағы бір мысал:
Азамат Шеверняев В.Ф. №3 кәсіптік-техникалық мектептің директоры қызметін атқарған кезде 2018 жылдың қыркүйегінде колледждің өндірістік оқытудың екі шеберін штат кестесіне сәйкес жалақы төлеп, шеберхана меңгерушісі және колледж бөлімінің басшысы лауазымына ауыстыру туралы бұйрыққа қол қойған. 2018 жылғы қыркүйектен желтоқсанға дейінгі кезеңде бұл қызметкерлер еңбек қызметін нақты атқармаған. Бірақ оларға бухгалтерия 1 229 447 теңге көлемінде төлеген. Кейіннен бұл қаражат банктік карталардан алынып, В.Ф.Шеверняевке аударылған.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің ережелеріне сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзған мемлекеттік қызметшілер де, жеке тұлғалар да сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Сонымен, осы жылдың 6 айында әкімшілік жауапкершілікке 5 жеке тұлға және 1 мемлекеттік қызметші тартылды. Салынған әкімшілік айыппұл сомасы 1 474 850 теңгені құрады.

Асан БІТІМБАЙ,
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл Агенттігі Нұр-Сұлтан қаласы
бойынша департаментінің қызметкері

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × one =