Заң бұзушылыққа жол берілмейді

0 54

6 маусымнан бастап «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» жаңа заң қолданысқа енді.Аталған заңда белгіленген тәртіп бойынша жиналыстарды, митингілерді, пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін қатысты құзырлы орындарға хабарлама жасау қарас­тырылған. Ұйымдастырушы оларды өткізу күніне дейін бес жұмыс күн бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама береді, ол үш жұмыс күні ішінде оны қарауға тиіс. Бұл мерзім аяқталған соң жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы бейбіт жиналысты өткізеді.
Сонымен қатар, бейбіт жиналыстар арнайы орындарда өткізілуі тиіс. Дегенмен бұл арада Денсаулық сақтау министрлігі 2020 жылғы 4 маусымда үндеу жасап, карантин кезеңінде елде бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде митингілерді өткізуге тыйым салғанын ескерген абзал. Бұл ескертуге бағынбағандарды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
Дегенмен жекелеген тұлғалар ел азаматтарын 2020 жылғы 6 маусымда жаппай митингілерге шығуға шақыруда. Осы жағдайға байланысты Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары Б.Дембаев жаңадан белгіленген тәртіпті бұза отырып өткізілетін жиналыс­тарды ұйым­дастыру және оларға қатысу заңсыз болып табылатынын және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа әкеп соқтыратынын айтып, халыққа үндеу жасады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eleven − eleven =