©2020 Астана Ақшамы
Заманауи зауыт
Астанада ашылған Локомотив құрастыру зауыты үш жыл бойы шығарып келген өнімінің техникалық көрсеткіштері талапқа сай екендігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда зауыттың тиімділігін арттырудың бірден-бір жолы – жергілікті үлесті арттыру. Оқшаулау бағдарламасы аясында бұл процесс үш кезеңді қамтыған. 2012 жылдың басынан бері зауыттың мамандары екінші кезеңді толықтай игерді. Енді әрбір локомотивті дайындағанда 32% қазақстандық үлес пайдаланылады, басқаша айтқанда, әрбір дайындауға қажетті бөлшек Қазақстанда шығарылады. 2014 жылы бұл көрсеткіш 52%-ға жетеді деп көзделуде.
Жалпы айтқанда, зауытта өткен жылы 76 жүк локомотиві шығарылған. Экспортқа шығарылған локомотивтер тәжік темір жолдарына жіберілді. Келісімге сәйкес 2 машина биыл шығарылады.
Бұған қоса, 2012 жылдың маусым айында GE компаниясымен келісім жасалды. Осы келісім аясында 2014 жылдан бастап зауыт жолаушылар локомотивін шығаруға кіріседі.
Ербол ЖАНАТ