«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Зағип жандар ой жарыстырды

0 181

Кеше Астанада Дойбыдан көру және есту қабілетінен айырылған жандар арасында жарыс ұйымдастырылды.

Екі күнге созылатын сайыс Ұлттық кі­тапхананың көзі нашар көретіндерге арналған залында өтіп жатыр. Биылғы турнирге 18 адам қатысуда.
– Дойбы адамның стратегиясын, сақтау қабілетін дамытуға пайдасын тигізеді. Дәстүрлі турнир жылда қараша айының соңында Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылады. Осы арқылы біз ҚР чемпионатына қатысатын спортшыларды іріктейміз, – деді «Жігер» шахмат және дойбы клубының жаттықтырушысы Сағымбай Дәуренбеков. Турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды