«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ыстық су қымбаттамайды

0 240

Астана әкімдігі «ыстық су қымбаттайды» деген кейбір БАҚ-тардағы ақпаратты жоққа шығарды.

Керісінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық судың тарифін төмендету мәселесі қарастырылуда. «Бұған дейін кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында таратылған «Астанада соңғы айда ыстық судың бағасы 25 пайызға қымбаттады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Керісінше, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ыстық судың тарифін төмендетеміз. Қазіргі кезде аталған шараларды қабылдау үшін қажетті жұмыстарды қолға алдық» деп хабарлады қалалық жылу-энергетикалық кешен және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды