YШ ЖYРЕК YНДЕСТI

0 98

садик29

Астана қаласының № 29 «Ақ қайың» балабақшасында Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Үш жүрек бірлігі» атты ата-аналар конференциясы өтті.

Жиынның мақсаты – мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда балабақша мен отбасының ынтымақтастығын арттыру болды.

Конференцияда балабақша әдіскерлері мен психолог, тәрбиеші-мамандар балдырғандардың шығармашылығын қалай дамытуға болатыны жөнінде ата-аналарға түсіндірді. Әдіс-тәсілдер түрлі ойындар арқылы жүргізілді. Айталық, «Гүлдер» ойынында ата-аналарға балалар әлеміндегі әртүрлі жағдаятттарға байланысты көріністер ұсынылып, сұрақтар қойылды. Ал, әдіскер С.Каптаева бала тәрбиесіндегі француз әдістемесін көрсетіп, қатысушыларды шығармашылық әңгіме құрастыруға жұмылдырды.

Конференцияның соңында «Жүректен жүрекке» әдістемесі бойынша қорытынды жасалып, ата-аналар пікір-ұсыныстарын ортаға салды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve + 20 =