Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Өзбекстанда Қазақстанның медицина күндері өтуде

0 122

Қазақстан Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының және Өзбекстан Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының арасында Ынтымақтастық туралы меморандум жасалып, қол қойылды.Қол қою Ташкент қаласында 21-22 қараша күндері Өзбекстанда өтіп жатқан Қазақстандық медицина күндерінің шеңберінде жүзеге асты.

Тараптар дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау, стандарттау және олардың сапасын бақылау, фармакологиялық қадағалау, ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибелерін және дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасының айналымын реттеу саласында ақпараттар алмасу дәстүрін қалыптастыруға келісті.

Құжаттарға республикалардың ресми өкілдері – ұйымдардың бірінші басшылары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы  мен  қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының» ШЖҚ РМК бас директоры – басқарма төрағасы Арнұр Нұртаев және Өзбекстан Республикасының Фармацевтикалық саланы дамыту агенттігінің «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медицина техникасын сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы» МУК директоры Шерзод Абдуганиев қол қойды.

Өзбекстандағы Қазақстандық медицина күндері – Қазақстан мен Өзбекстан арасында денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға, екі республиканың азаматтарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету иігілігіне жұмсалатын білім мен тәжірибені, инновациялар және технологияларды алмасу мақсатында медициналық ұйымдар арасындағы өзара байланыс аясын кеңейтуге бағытталған іс-шара. Мақсат мәресіне жетті.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды