Нобель фестивалі өтеді

0 18

Бейбітшілік пен дамуға қызмет ететін Дүниежүзілік ғылым күніне орай 2021 жылдың 26-29 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында III Нобель фестивалі өтеді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасының, Инклюзивті даму қоры және G-Global жобасы демеушілігімен «Болашақ – бүгін» тақырыбында өтетін фестиваль негізгі төрт бағытты қамтиды. Олар «Жасыл шындық», «Инновациялар ғасыры», «Адамдар үшін экономика», «Болашақ мамандықтары» деп аталады.

1548335894_24nobel1

Фестивальде Нобель сыйлығының лауреаттары, ғылым саласындағы беделді сыйлық лауреаттары, ірі корпорациялар мен халықаралық ұйымдардың басшылары, жетекші отандық және шетелдік сарапшылардың қатысуымен заманымыздың өзекті мәселелеріне арналған 30 панельдік сессия өтеді.

Биылғы фестиваль спикерлерінің қатарында Экономика бойынша Нобель сыйлығының 2020 жылғы лауреаты Пол Милгром, Нобель сыйлығының 2011 жылғы лауреаты Тавакуль Карман, физика саласында жаңалық ашқан 2012 жылғы сыйлық лауреаты Хуан Малдасена, «Адамзаттың қысқаша тарихы», «Болашақтың қысқаша тарихы» атты әлемдік бестселлерлердің авторы Юваль Ной Харари, «Бақыт формуласы. Қуаныш алгоритмін құраңыз» бестселлерінің авторы, «Google X»-тің бұрынғы коммерциялық директоры Мо Гавдат, Apple Siri құрастырушысы Люк Джулия, криптовалютаның әйгілі сарапшысы Гаррик Хиллеман, т.б. бар.

Нобель сыйлығының лауреаттарының дәрістері Nobel Fest-тің басты оқиғасы болып табылады. Жыл сайын 15-тен астам Нобель сыйлығының лауреаты қазақстандық университеттер мен студенттер үшін арнайы дәрістер оқиды. Қазақстан университеттері және ғылыми-зерттеу институттары үшін Нобель лауреаттарының дәрістерін өткізу Нобель лауреатының эксклюзивті дәрісін алудың, атақты лауреатты университеттің лекторы ретінде қосудың және әлемдік рейтингтерде өз позицияларын нығайтудың бірегей мүмкіндігі болып табылады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × five =