«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Ынтымаққа үндеді

0 123

«Хан Шатыр» ойын-сауық орталығында Астана қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының қолдауымен Қазақстан студенттерінің альянсы этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты күндерін атап өтті.

Шара аясында қатысушылар түрлі ұлыстың мәдениеті және өнерімен танысып, тақырыптық сұрақтарға жауап берді. Неміс қауымы баварлық би билеп шықса, поляктардың «Ча-ча-ча», «Шла девэчка» әндерін көрермендер қосыла орындады. Ал кәріс қауымы өздерінің әсем кос­тюмдерімен көпшілікті тәнті етті. Іс-шара «Келісім, ынтымақтастық, дос­тық – елдің басты байлығы» атты ұран аясында ұйымдас­тырылды. Іс-шара этномәдени бірлестіктердің жастар қанаты өкілдерінің қатысуымен өткізілген фес­тивальмен аяқталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды