ЫМЫРАҒА КЕЛУДІҢ ЫҢҒАЙЛЫ ЖОЛЫ

0 124

Елордалық үкіметтік ұйымдар мен мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері мен оларды ме­диацияның мүмкіндігін пайдалана отырып шешу жолдары» атты дөңгелек үстел жиыны өтті.

8

Іс-шара медиация мүмкіндіктерін пайдалана отырып әлеуметтік мәселелерді шешу жолдарын, бірлікті нығайту мен қоғамдық келісімді сақтаудағы мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар серіктестігінің пікір алысу алаңын дамытуға бағытталған.
«Статистика бойынша медиаторлардың қатысуымен өткен даулардың 80 пайыздан астамы тараптардың келісімімен аяқталады. Алайда халықтың медиация жөнінде хабары жеткіліксіз болғандықтан, әлеуметтік мәселелерді реттеуде медиацияның әлеуеті толық көлемде пайдаланылмай отыр» дейді Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы, Қазақстан Медиаторлары қауым­дастығының бас директоры Жанділдә Жақыпов. Оның пікірінше, экономикалық дағдарыс жағдайында әлеуметтік мәселелер де шиеленісе түседі. Сондықтан, мемлекеттік органдар, азаматтық қоғам өкілдері бейбіт келісімге келудің барлық әдістер мен тәсілдерін қолдана білгені абзал.
Жоба аясында қаланың Ж.Нәжімеденов көшесіндегі 10/4-үйде Медиация және құқық орталығы ашылды. Онда қала тұрғындарына заңгерлер мен медиатор қызметі тегін көрсетілмек.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

eight + eleven =