«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Yлескерлер пәтерсіз қалмайды

0 186

2020 жылы елордадағы 10 мың үлескердің мәселесін шешу үшін 25 мың пәтер салынады. Бұл туралы кеше Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданындағы тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылармен кездесу кезінде елорда әкімі Бақыт Сұлтанов мәлім етті.

Қала басшысы үлескер мәселесінің дер кезінде қолға алынған шаралар нәтижесінде оң шешіліп жатқанын жеткізді. Мәселен, биыл «Азбука жилья» компаниясының 6 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталған.
Әкім «Шығыс» проблемалық тұрғын үй кешенінің құрылысы неліктен кідіргенін түсіндіріп берді. «Себебі бұл үйді салу кезінде несиеге қатысты келісім жасалмаған. Бұл мәселемен өткен жылдың күзінен бері айналысып келеміз. Мәселені шешу үшін «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі», «Қазақстан ипотекалық компаниясы», «Проблемалық несиелер қоры», «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры» сияқты ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, бір мәмілеге келдік. Алдағы уақытта құрылыс жұмыстары қайта қарқын алады» деді қала басшысы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды