©2020 Астана Ақшамы
XXI ҒАСЫР МИССИЯСЫ КЕҢЕЙМЕК
ҚР тұңғыш президенті мұражайында Мемлекеттік хатшы Ә.Жақсыбековтің қатысуымен Ассамблея Кеңесінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
ҚХА Кеңесінің жұмысына ҚР Парламентінің депутаттары, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, этномәдени бірлестіктер мен аймақтық ассамблея хатшылықтарының басшылары, министрліктер мен ведомстволардың, зиялы қауым, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
ҚР Мемлекеттік хатшысы «Қоғамдық келісім мен ел бірлігі Қазақстанның стратегиялық мақсаттарына жетудің ең басты шарттарының біріне айналды. Бұл сан мәрте дәлелденіп келеді және бұл – ассамблея жұмысының басты мақсаты. Аталған кеңесші орган жаңа жағдайларда жалпыазаматтық, саясаттан жоғары және жалпыұлттық институтқа айналып, ал оның миссиясы XXI ғасырда кеңейе білуі қажет» деп мәлімдеді.
Оның пікірінше, қойылған міндеттердің табы
сты іске асырылуына мемлекеттік этносаясаттың дамуы және ассамблеяның институционалдық, ең әуелі жергілікті деңгейде күшеюі негіз болады.
Мемлекеттік хатшы өзінің баяндамасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауын іске асыруда ассамблея мен оның Кеңесінің міндеттеріне жан-жақты тоқталды.
Жұмыс қорытындысында Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің хаттамасы қабылданды.