WELCOME TO ASTANA!

0 135

_ERA2898

Кеше «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін дайындау және оны өткізу жөніндегі дирекция өкілдері елордалық кәсіпкерлермен кездесті. Сарыарқа ауданы әкімдігінде өткен жиынды аудан басшысы Ермағанбет Бөлекпаев ашты.

Бүгінде айтулы шараға дайындық басталып кетті. Көрмені өткізу үшін елордада үш жоба мықтап қолға алынған. Оның бірі –«Astana Greеn City». Астана әкімдігінің «EXPO-2017» көрмесіне дайындық және оны өткізу дирекциясының басшысы Бауыржан Жансейітовтің айтуынша, жоба жаңартылған энергия көздерін тиімді пайдалануды көздейді.

Екінші жоба – «Astana mobility». Бұл қаланың инфрақұрылымы мен көлік логистикасы сапасын жақсар­ту­ды діттейді. Ал, «Welcome to Astana!» жобасы аясында көрме өткізу кезінде қала қонақтары мен тұрғындарына қонақжайлық инсти­тутын дамыту жүзеге асырылмақ.

Әрбір жобаның дайындық барысы туралы кеңінен мәлімдеген Бауыржан Жансейітов оны іске асыруда азаматтардан ұсыныстар қабылданатынын жеткізді. «Еліміз­дің абыройын танытатын халық­ара­лық шараны өткізу тек мемлекеттің мойнындағы шаруа емес. Оған қоғам болып атсалысқанымыз абзал. Жүз елден келетін қонақтарды қарсы алу, қонақжайлық таныту,­ қала­мыз­ды көрсету, шығарып салу жұмыс­­та­рына осы бастан дайын­­дық жүруде. Осы ретте келу­ші­лерге қызмет көр­се­те­тін кәсіпорындардың дерек­қо­рын жасақтау қажет. Жобаны іске асы­ру­дың бірінші кезеңі ағымдағы жылдың сәуір айында басталады» дейді Б. Жансейітов.

Аталмыш дирекцияның Жобаларды дамыту секторының бас­ мама­ны Рузат Әбілдинова «Астана қала­­сын­­дағы қоғамдық тамақ­тан­дыру объектілерін түгендеу» жобасы тура­лы таныстырды. Айтуынша, көрмені өткізу кезінде қызмет көрсе­те­тін кез келген мейрамхана, дәмхана, асхана және тағы басқа қоғам­дық тамақ­тану орындары осы бастан жұмыстарын жетілдіру керек. «Ас мәзірінде қандай тағамдар болады, жұмыс уақыты нешеге дейін және жобаға қатысушы еріктілердің белсенділігі сұрастыру формасында жүргізіледі» дейді ол.

Жиында «EXPO-2017» көр­ме­сіне дайындық жұмыстары аясында басқа да мәселелер талқы­лан­ды.­­ Аудан басшысы Ермағанбет Бөлек­паев халықаралық жобаны өткізуде барлық бизнес өкілдерін белсенді жұмыс жасауға шақырды.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 × three =