«ВУЭЛЬТА» БӘЙГЕСІНДЕ ЕКІНШІМІЗ

0 95

Испания жолдарында өткен дәстүрлі «Вуэльта» көпкүндік бәйгесі мәресіне жетті. Дүбірлі доданы сәтті бастаған «Астана» командасы жарыс қорытындысында екінші орыннан көрінді.

Жекелей сында «Астана» капитаны Винченцо Нибали де күміс жүлдегер атанды. Бірнеше кезеңнің жеңімпазы болған «астаналық» шабандозды соңғы этаптарда американдық «Радио Шок» клубының өкілі Кристофер Харнер қуып жетті.

Осы жарыстан кейін халықаралық велосипед спорты одағының (UСІ) жаңа рейтингі жария­ланды. «Астана» клубы үшінші орынға табан тіресе, жеке спортшылар көрсеткіші бойынша Нибали де үздік үштіктің қатарынан көрінді.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twelve − 11 =